Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 4,7 мың адам шағын несие алды

None
АСТАНА. 19 қараша. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысына сәйкес «Жұмыспен қамту-2020»  бағдарламасы бойынша 4 702 адам өз жеке ісін ашуға шағын несие алған,

деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Әкімдіктердің мәліметтері бойынша, шағын несие алушылыр саны 4 702 адамды құраған, оның ішінде 3 487 адам өз жеке ісін ашқан», - делінген  ведомство хабарламасында.

Бағдарлама қатысушыларын несиелендіруге бөлінген қаржының 9 528,1 млн теңгесі игерілген. Шағын несиенің орташа көлемі 2 009 мың теңге шамасында, түбегейлі займ алушылар үшін сыйақының ең жоғары мөлшері Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарында 5, Қызылорда облысында 8 пайызы көлеміндегі деңгейде. Шағын несиелендіруге бөлінген қаржы сомасы 12149 млн теңгені құрайды. Осының арқасында, бағдарламаға қатысушы   8 151 адам шағын несие ала алады.

Халықты жұмыспен қамту ҚР Үкіметінің ең маңызды басым бағыттарының бірі болып табылады. Елбасы 2012 жылғы Жолдауында кең көлемді «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын іске асыруды қолға алуды тапсырған болатын.