Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша өңірлерде 427 үй салынды

АСТАНА.  24 тамыз. ҚазАқпарат - Жұмыспен қамту бағдарламасының ІІІ бағыты бойынша өңірлерде 427 үй салынып, олардың  251-не иелері көшіп кірді,

деп хабарлайды Pm.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жұмыспен қамту Бағдарламасы-2020»  еңбек ресурстарының ұтқырлығын көтеру жөніндегі ІІІ бағыты бойынша  жоспарланған 1115 үйдің 427-і салынған», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Бағдарлама қатысушылары мен олардың 1804 адамнан тұран отбасы мүшелері 251 үйге көшіп кірді. Барлық қоныстанушы отбасыларына көшуге субсидия берілді.

Қазір 2369 пәтерлі 497 үйдің құрылысы салынуда, 191 үй бойынша конкурстық процедуралар жүргізілуде.

Еңбек министрлігінің ақпарына қарағанда, 2011-2012 жылдарға жоспарланған тұрғын үй құрылысының бүгінгі күні  44,6%  аяқталған.

Естеріңізге сала кетейік, Жұмыспен қамту бағдарламасының үшінші бағыты    жоғары экономикалық әлеуетке ие, еңбекке қабілетті халықты  индустриялдық жобалар жүзеге асырылатын және еңбек ресурстарына сұраныс бар ауылдар мен қалаларға көшуге ынталандыруға бағытталған.