деп хабарлайды PM.kz сайты.
Мыңайдар Сәдуақасов Ленин ауыл шаруашылығы техникумын бітірген. Еңбек жолын Бұлақ совхозында құрылыс саласында бастаған. 2010 жылдан бастап тұрақты жұмысы болмаған ол - қазір Петровка селосында техникалық қызмет көрсету стансасының қожайыны.
«2011 жылдың қазан айында несиелендіру мәселесі бойынша Жұмыспен қамту орталығына жүгіндім. Кәсіпкерлік негіздерін оқып-үйрендім. Оқуға барып-келуіме, сондағы тұрақ-жайыма субсидия түрінде жәрдемақы берілді»,- дейді Мыңайдар Сәдуақасов.
2011 жылдың желтоқсан айында ол техникалық қызмет көрсету стансасын кеңейтуге және жаңартуға 3 млн. теңге көлемінде шағын несие алады.
«Егер мемлекеттің көмегі болмаса, стансаны кеңейтуге жағдайым жетпес еді. Төмен пайыздық мөлшерлеменің, икемді өтеу мерзімінің, несиені өтеу мерзімін шегеру мүмкіндігінің арқасында ісім алға басып отыр. Аталған жеңілдіктердің барлығы жеке кәсіпкерлердің назарын аударуда. Осындай бағдарлама үшін біз дән ризамыз», - дейді кәсіпкер.
Станса қожайыны кеңейту және жаңарту жұмыстары аяқталғаннан кейін, клиенттер көбейіп, табысы артады деп үміттенеді.