Агенттік жүргізген талдау нәтижесінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде елеулі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған. Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро Балқаш қалалық Жұмыспен қамту орталығының директоры Әйнекованы ұстады. Ол аффиллирленген кәсіпорындармен бірлесіп Орталық есебінде тұрған жұмыссыз адамдарды жалған жұмысқа орналастырған. Бұл ретте ол адамдар тіпті жұмысқа орналастырылғандарын білмей келген.
Жымқырылған бюджет қаражат сомасы 12,3 млн теңгені құрады. Қазіргі уақытта 6 кәсіпкерлік субъектілері анықталды, «Альянс Антика» ЖШС директоры Мекеев, ЖК басшылары - Оспанов, Калиева, Аметов, Мырзабеков, Күлмұхамедовтер Әйнековамен сөз байласып, жалған 47 «жоқ адамды» ресімдеген.
Жыл басынан бері осыған ұқсас факт Ақтөбе, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында анықталған. Осыған байланысты агенттік Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне, сондай-ақ жергілікті атқарушы орандарға еңбекпен қамту орталықтарының қызметін бақылауды қатаңдатуды ұсынады.