Ол 2007 жылдан бастап косметикалық және парфюмериялық тауарларды сату бойынша жеке кәсіпкерлікпен айналысқан.
Гүлдана 2009 жылы Астана қаласына қоныс аударды. ЖК жабылғаннан кейін жұмыс таба алмаған ол «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша жұмыспен қамту орталығына келіп, еңбек нарығында жаңа мамандық алуға бел буады.
Сөйтіп ол 3 ай бойы «мектеп жасына дейінгі мекемелерде тәрбиелеуші» мамандығы бойынша гуманитарлық колледжде білім алды. Шәкіртақының 12 800 теңге мөлшерінде әлеуметтік қолдауға ие болды. Оқу аяқталған соң №8 балабақшасына жұмысқа орналастырылды.
Тұрақты жұмыс орны бар Гүлдана жұмыспен қамту бағдарламасына сұранысқа ие мамандық бойынша білім алу мүмкіндігін ұсынғаны үшін алғысын білдіруде.