«Бүгін еңбек нарығында бірқатар көкейкесті мәселелер бар, атап айтқанда бұл еңбек нарығындағы теңгерімсіздік, сұраным мен ұсыныстың үйлеспеуі. Еңбек нарығындағы теңгерімділік мәселесін шешу үшін Жұмыспен қамту картасы жасалуда, оның мақсаты - еңбек нарығындағы жағдайды толығымен бейнелеуді қамтамасыз ету», - дейді Д.Арғандықов.
Карта бір жағынан, индустриалдық және әлеуметтік нысандар құрылысы сияқты жұмыс орындары ашылатын жобаларды көрсетсе, екінші жағынан еңбек ресурстарының көздері - аз қамтылған, жұмыссыз азаматтарды, оқу орындарын бітірушілерді, еңбек мигранттарын енгізетін болады, деп атап өтті ол.
«Жекелеген санаттар мен мамандықтар бойынша еңбек ресурстары жетіспеушілігі орын алған жерлерде, аталған мамандықтар бойынша кадр даялауға немесе еңбек ресурстарын қайта орналастыруға көмектесуді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қолданылатын болады», - деді департамент директоры.
Жұмыспен қамту картасы халықты еңбекпен қамтуды мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асырудың кешенді әдістерін қолдануға мүмкіндік береді, деп аяқтады сөзін Д.Арғандықов.