Жұмыспен қамту: Жаңақалада пиццерия ашылды

None
  ОРАЛ. 16 қараша. ҚазАқпарат - Жаңақала ауданында «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасына сәйкес Сапаровтар отбасы «Ниет ДЖА» несие серіктестігін құрып, аталған бағдарлама бойынша 4 млн. теңгеге иелік етті.

Бизнес жоспары бойынша пиццерия ашу үшін жер алып, құрылысын жүргізді. Қажетті жабдықтарын да сатып алды. Алғашқы өнімнің дәмін татып көрді. Көңілдерінен шықты.

Пиццерияның ашылу салтанатына аудан әкімі Лавр Хайретдинов қатысып, мұндай қадамның құптарлық екендігін атап өтті.

Несие арқылы жаңа ашылған жұмыс орны күні бүгін төрт адамды жұмыспен қамтып отыр. «Әзірге төрт түрлі пицца тағамын пісіріп, сұраныс  бойынша үйлерге жеткізіп береміз. Кешенді түстік те беріледі», - дейді пиццерия иелері.