«Жалпы, ел үкіметі дағдарысқа қарсы шаралар аясында «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бойынша Алматыға 2 млрд. жуық теңге бөлді. Бұл қаржы қалаға қосылған аумақтарда инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға бағытталған», - деді әкім.
Ол сонымен қатар, бөлінген қаржының түптеп келгенде ауылдық жерлерді дамытуға жұмсалғанын және қалаға қосылған жерлерді есептегенде, Алматының аумағы екі есеге ұлғайғандығын атап өтті.
Сондай-ақ, қала басшысы қазіргі таңда Президенттің тапсырмасымен Үкіметтің экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін мемлекеттік инвестицияны дамыту бойынша тиісті шаралар қабылдап жатқандығын еске салды.