Аталған жобаларға 8 682 адамды жұмылдыру көзделген болса, бүгінде 8 236-сы жұмысқа орналысты. Оның ішінде қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы 4 341 адамды жұмысқа тарту жоспарланған болатынғ деп хабарлайды ҚазАқпарат Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгінгі таңда қалада жоспарға сәйкес «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасымен жұмыспен қамту орталығы арқылы 4 122 адам жұмыспен қамтылды.
«Жалпы бағдарламаның мақсаты - тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, жұмыссыздық деңгейін төмендету арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу»,-делінген хабарламада.