Жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы өзара қатынас қатаң заң негізінде қалыптасуы шарт - Қ. Сұлтанов
Президент жанындағы комиссия төрағасының айтуынша, бүгінгі күні елімізде еңбек заңнамасының бұзылу фактілеріне орай көптеген шағымдар түсуде. «Тіпті бұның қарапайым күнделікті міндеттемелердің орындалмауынан да туындап жататыны шындық. Мен бұған үнемі назар аударып келемін, тағы да қайталаймын жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы өзара қарым-қатынас қатаң түрде заң негізінде қалыптасуы шарт. Егер өзара келісімшартқа қол қойылса, онда келісімшарт сөзсіз сапалы әрі уақытылы орындалуы тиіс», - деді Қ. Сұлтанов.
Оның айтуынша, бүгінгі күні жекеменшік компанияларда жалақыны уақытылы төлемегенге байланысты да көптеген арыз-шағымдар түседі. Бұдан кейінгі шағымдардың басым бөлігі комиссия төрағасының айтуынша, жер учаскелерін иелік етуге құқыққа, сондай-ақ құрылыс нысандарына байланысты да туындап отыр.