Бұл туралы The Columbian басылымына сілтеме жасап, lenta.ru хабарлайды.
Оқиға кеше АҚШ-тың Вашингтон штатындағы Ванкувер қаласында орын алды. Алдын ала деректер бойынша, 60-ты алқымдаған ер адам өзінің демалысы күні қоймаға «Акура» маркалы қызыл түсті көлікпен келіп, жұмыс берушісін атып өлтірген. Артынша, көлігіне отырып, өзін де атқан.
Оқиға барысында басқа зардап шеккендер жоқ. Полицейлердің айтуынша, қаза болғандардың кім екендіктері анықталған. Әзірге оның неліктен осындай жағдайға барғаны белгісіз.