Ол V ғасырда өмір сүрген көсемнің көптеген алтын және күміс әшекейлерін тауып алды. Нақты бағасын білмегендіктен ол олжасын қара базарда 50 мың рубльге сатуға асықты.
«Ғылыми көзқараспен алғанда, бұл құндылықтарды із-түзсіз жоғалту аса өкінішті болар еді. Бүкіл Ресейде бұл ғұндардың қоныс аударуының үшінші дерегі болып отыр, ал біздің курскілік қорған оның солтүстік шеті», - деп атап өтті Курск облысы бойынша Федералдық қауіпсіздік қызметінің бастығы Юрий Бражников.
Олжалы жұмыссызды тез тауып алып, 150 тәулікке қоғамдық жұмысқа жекті, ал бағалы құндылықтар тәркіленді. Сарапшылардың бағалауынша, оның нақты құны миллиондаған доллар тұрады. Бұл олжа Курск мемлекеттік археология мұражайына қойылмақ.