«Коммунальдық қызмет тап болып отырған проблеманың бірі - кадрлардың жетіспеуі. Қазіргі уақытта Оңтүстік Қазақстан облысынан вахталық әдіспен еңбек ететін және көше тазалау әрі қоқыстарды сұрыптатын жұмысшыларды тарту нұсқасы қарастырылып отыр. Мұндай жұмысшылардың жалақысы айына 150 мың теңге шамасында болады.Өкінішке орай, жұмыссыз жүрген атыраулықтар қоқыс жинаумен шұғылданудан бас тартуда», - деп мәлім етті Атырау облысының аудан әкімдері, қала және коммунальдық қызмет басшыларымен болған селекторлық кеңес барысында Атырау қаласының әкімі Серік Шапкенов.
Бұл кеңес облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың «Спецавтобаза» ЖШС жұмысымен танысу қорытындысы бойынша өтті.
Айта кеткен жөн, өңір басшысы олардың жұмысын қатты сынады.