Олар 1966 жылы туылған 5620 ер адамдар мен әйел адамдардың ДНҚ үлгілеріне сараптама жасаған. Мамандар зерттеу кезінде әр қатысушының теломерлерінің (қорғаныш қызметін атқаратын хромосоманың ұштары) ұзындығын өлшеген. Теломердің ұзындығы ағзаның қартаюына байланысты болып келеді. Ағза қартайған сайын теломер ұзындығы да қысқарып отырады. Зерттеушілер тәжірибеге қатысқан адамдардың 31 жасында алынған теломерлерінің ұзындығын анықтаған. Нәтижесінде бұндай құбылыс ер адамдар арасында жиі байқалып, ал жұмыссыз отырған әйелдерде сирек кездескен.
02:15, 22 Мамыр 2014
Жұмыссыз ер адамдар тез қартаяды - зерттеу
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымдар ер адамдар жұмыссыз болса, тез қартаятындығын айтуда. Бұл екі жылдан аса жұмыс жасамаған ер адамдарға қатысты, деп жазады шетелдік БАҚ.