Жұмыссыздық деңгейі 5,3 пайызға тең - Ә.Смаилов

АСТАНА. 14 қазан. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - 2011 жылы қыркүйек айында жасалған есепке сәйкес Қазақстандағы жұмыссыздардың саны 472,5 мыңды құрады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смаилов мәлім етті.

Агенттік төрағасының хабарлауынша, бүгінде жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санына шаққанда, 5,3 % құрап отыр. «Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген азаматтардың саны қыркүйекте 78,7 мың адамды құрады. Жасырын жұмыссыздықтың көлемі 0,3 пайызға тең болды», - дейді Ә.Смаилов.

Айта кетейік, Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 5,5 пайыздан аспауы тиіс. Ал Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына орай, 2020 жылға дейін бұл көрсеткішті 5 пайызға дейін төмендету - міндет.