2014 жылы жалдамалы қызметкерлердің саны 6,1 млн. адамды немесе жалпы жұмыспен қамтылған халықтың санынан 71,9 пайызды құрады. Жұмыспен қамтылғандардың арасында өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың саны 2,4 млн. адамды немесе 28,1 пайызға тең болып отыр. Өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан жұмыспен нәтижелі қамтылғандар үлесі 69,9 пайызды, жұмыспен нәтижесіз қамтылғандар - 30,1 пайызды құрады.
«Жұмыссыздық деңгейі 5 пайызды құрады. Жұмыссыз ерлердің үлесі 43,4 пайыз, әйелдердің үлесі - 56,6 пайыз.
15-28 жастағы жастар жұмыссыздығының деңгейі 4,3 пайызды құрады. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2014 жылдың соңына 33,4 мың жұмыссыздар ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,4 пайызын құрады», - делінген баспасөз баянында.