Жұмыстан босатылғалы жатқан қызметкерлер туралы мәліметтерді жинайтын нысан бекітілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығымен «Алдағы уақытта жұмыстан босатылатын қызметкерлер туралы мәліметтер» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысан бекітілді.

Бұйрыққа сәйкес қызметкерлерді жұмыстан босатуды жоспарлап отырған кәсіпорындар өңірлік жұмыспен қамту органдарына сол қызметкерлер туралы толыққанды мәліметтер ұсынатын болады. Оның ішінде жұмыстан босатылатын қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (қызметкердің келісімімен), жұмыстан босатылатын қызметкердің туған күні, айы, жылы, жұмыстан босату жоспарланып отырған қызметкердің жынысы, білім деңгейі, кәсібі (қызметкердің білімі туралы құжат бойынша мамандығы), қазіргі жұмыс орны бойынша кәсібі (лауазымы), кәсібі бойынша жұмыс өтілі, жұмыстан босатылатын қызметкердің біліктілігі, қысқартылатын лауазым бойынша еңбекақы мөлшері (теңгемен), жұмыстан босатудың күтілетін күні көрсетіледі.

Бұйрықтың толық мәтіні мен қосымшасы республикалық БАҚ-тарда жарияланды.