Мұндай жағдайға қызметкерлердің жалқаулығы немесе баяу жұмыс істеуі себеп болуы мүмкін. Дегенмен, психологтар жұмыс жоспарлау қателігінің кесірінен уақытында орындалмайтынын айтуда.
«Сіз күрделі кәсіби жобаны басқарасыз ба немесе үйіңізді жөндегіңіз келе ме, не істеуге бекінсеңіз де, жұмысыңыздың сіз ойлаған уақытта орындалып бітпеуі жоспарлау қателігінен болады. Бұл терминді алғаш рет психолог, экономист, Нобель сыйлығының иегері Амос Тверский 1970 жылдары енгізді. Ол көпшілігі белгілі бір жобаны орындауға қанша уақыт керегін дұрыс анықтамайтынын, сонымен қатар өткен жобалардағы қателіктерге қарамастан көбі жобаға кететін уақытты қайтадан дұрыс болжамайтынын анықтаған» деп жазады басылым.