«Биыл «Даму» қоры «Al Hilal» Ислам банкімен бірге баламалы қаржыландыру тетіктерін іске қоса бастады. Осы жылдың сәуір айында 75 млрд теңге Ислам банкіне салынды. Бұл – Ислам қаржыландыруын ары қарай дамыту мақсатындағы қадам. Бұл құралды дамыту үшін сауда мурабахасы енгізіледі. Осылайша Ислам қаржыландыруының көмегімен жобасын дамытқысы келетін кәсіпкерлер – өз жұмысының реті Шариғат талаптары мен бағдарлама шарттарына сай болған жағдайда несие ала алады», - деді Гүлсая Зайнелғабдина ОКҚ-да онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында.
Айта кетсек бұған дейін ҚР ҰЭМ кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Шыңғыс Ахметов «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы мен «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бизнес иелеріне мемлекет қандай қолдау шараларын көрсететінін айтып берген еді.