Журавский WBO рейтингі бойынша 15 үздіктің қатарынан көрінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік боксшылар қауымдастығы барлық салмақтардағы боксшылардың жаңартылған рейтингтерін жария етті, деп хабарлайды Sports.kz.

Бұл тізімдегі қазақстандықтар өздерінің көрсеткіштерін біршама нығайта түсті. Қанат Ислам бірінші орта салмақта 6-ші орыннан 5-ші орынға көтерілді. Ал, Александр Журавский жартылай орта салмақтағы 15 үздіктің қатарына енді.