«Жүрегі ауыстырылған қазақстандық Гүлмира Смайылова Қазақстан құрамасының қанжығасына бірінші алтын медальды салды. Ол әйелдер арасында өткен боулинг жарысына қатысты. Венгрия спортшысы күміс, Англия өкілі қола иеленді», - деді команда капитаны Жәнібек Оспанов.
Әйелдер арасындағы боулинг бойынша Қазақстан құрамасы Жапония, Италия, Гонконг, Австралия командаларымен бірге алтын медальмен үшінші орында, Канада 3 алтын, 1 күміспен көш бастап тұр, екінші орында екі алтын, бір күміс медальмен Тайланд құрамасы.
Еске салсақ, Қазақстан донор органмен адамдар арасында өткен «Олимпиадаға» алғаш рет қатысуда. 21-ші Дүниежүзілік Трансплант-ойындарына 6 қазақстандық спортшы қатысуда: Жәнібек Оспанов, Гүлмира Смайылова, Асхат Қаликешов, Ержан Мұхамадиев, Жеткіншек Нұров, Әпресхан Қобдахан. Үш қатысушы - жүрегі ауыстырылған, үшеуі - бүйректері ауыстырылғандар. Олар жүзу, үстел теннисі, боулинг жарыстарына қатысады.