Бұл трансплантацияны бастан өткерген қазақстандық үшін бірінші жеңіс болды. Турнир Польшаның Замосць (Zamość) қаласында 2017 жылдың 24-27 мамыры аралығында өтті.
«Жарыс жеңіл атлетика, суда жүзу, үстел теннисі, дартсу бойынша өтті. Мен үстел теннисі, суда жүзу, дартсу бойынша қатыстым. Нәтижесінде 50 метрге жүзуден күміс жүлде және үстел теннисінен үшінші орынды иелендім», - деді ол.
Айта кетейік, биыл Испанияда Бүкіләлемдік спорттық трансплант-ойындары өтеді, оған Қазақстанның атынан 6 спортшы қатысады.