Жаңа турбореактивті мамандандырылған ұшақ ауыр жағдайдағы пациенттерді алып жүруге арналған екі медициналық модульмен жабдықталған.
— Бұл рейс қауіпсіздік пен жайлылықтың жоғары деңгейін қамтамасыз ететін ең жаңа әуе кемесін пайдалану арқылы адамдардың өмірін сақтаудағы маңызды қадам болды. Бүгін дәрігер мен фельдшерден тұратын Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының мобилдік медициналық авиация бригадасы «Аlaman Air» әуекомпаниясының алғашқы жаңа Bombardier Challenger CL-600-2B19 ұшағымен пациентке Кореяға ұшып кетті, — делінген хабарламада.
Денсаулық сақтау министрлігінің авиакомпаниялармен инвестициялар туралы келісімі шарттарындағы әріптестік шеңберінде тозған ұшу техникасын жаңа борттарға ауыстыру жүріп жатқанын естеріңізге сала кетейік.
Қазіргі заманғы борт бүкіл өңір бойынша өңіраралық тоқтаусыз рейстерді, сондай-ақ ҚР пациент-азаматтарын шетелдік клиникалардан тасымалдау бойынша халықаралық рейстерді орындауға арналған.
Айта кетелік елде ер мен әйел ұрығы донорлары нарығы қалай жұмыс істейтіні туралы жазған едік.