Жүрек ауруларының пайда болуына әкелетін өсімдік майларының түрі анықталды

АСТАНА. 16 қараша. ҚазАқпарат - Осыған дейін пайдасы жайлы айтылып келген өсімдік майының кейбір түрлері шындығында жүрек ауруларының асқыну қаупіне әкеледі, деп хабарлады РБК.

Қаныққан мал майын жартылай қаныққан өсімдік майларына ауыстыру олардың сарысу холестерин деңгейін төмендетіп, жүрек ауруының пайда болуының алдын алуға көмек көрсететіндіктен қазір әлдеқайда кеңінен қолданысқа енді.

«Біздің жұмысымыз өсімдік майларының соншалықты пайдалы еместігін көрсетті», - деп түсіндірді Онтариодағы денсаулық сақтау ғылыми-зерттеу институтынан Майкл Чу мен Торонт университетінен Ричард Базинет.

Авторлар құрамында көп мөлшерде омега-6, аз мөлшерде омега-3 бар жүгері мен сафлор майларының жүрекке кері кері әсер ететінін айтып отыр. Олар зиянды холестерин көрсеткіштерін төмендетеді, алайда қан тамырларының өлім көрсеткіштерін артырады.

Тәжірибе барысында, ерік білдірген адамдарға қаныққан майларды сафлор майы немесе маргаинмен ауыстыру ұсынысы жасалды. Нәтижесінде олардың сарысу холестеринінің деңгейі төмендеген, алайда өлім қаупінің көрсеткіштері жоғарылған.