Қайғылы оқиға Тұрар Рысқұлов көшесінде болған. 47 жастағы ер адам жаяу жүргінші жолынан өтуге ерініп, тыйым салынған тұстан жүгіріп өтпек болған. Оны батысқа қарай кетіп бара жатқан Тойота Камри көлігі тоқтай алмай кетті.
Ер адам ауыр жарақат алып, сол жерде көз жұмды. Жол оқиғасының мән-жайын полиция тексеріп жатыр.