Жүргізуші 156 жылға машина жүргізу құқығынан айрылды

МӘСКЕУ. Маусымның 16-сы. ҚазАқпарат – Алтай өлкесінде айыппұл саны жағынан «өтілі» мол жүргізуші ұсталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру агенттігіне сілтеме жасап. Өлке тұрғыны Денис Михайлов жол қозғалысы ережесін 193 рет бұзған. Осындай кінәсі үшін ол 156 жылға машина жүргізу құқығынан айырылды. Бұл жолы да ол мас күйінде машина жүргізіп келе жатқанда қолға түсті. Оның ұдайы «ішіп» жүріп рульге отыруы ұзақ мерзімге жүргізуші құқығынан айрылуына себеп болды.