Жүргізуші куәлігінен айрылса да, көлік тізгіндеген 133 солтүстікқазақстандық қамауға алынды

Фото: None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөзқызметінің мәліметінше, жедел-алдын алу шарасы 5 күн өтіп, 400-ден астамполицей күнделікті рейдтерге шыққан.

«Полицейлергежолда жүру ережелерін бұзушыларды анықтап қана қоймай, түсіндіру жәнепрофилактикалық жұмыстарды белсенді жүргізу міндеті қойылды. Жол-көлікоқиғалары көбіне рөлге мас күйде отыру салдарынан болады. Сондай-ақ жиікездесетін бұзушылықтар: жылдамдықты асыру, маневр жасау ережесін бұзу, көшеқиылыстарын дұрыс өтпеу. Жолаушылардың да жолда жүру ережесін бұзуы жол-көлік оқиғасынаәкеп жатады», - дейді СҚО Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушыДуман Таев.

«Қауіпсізжол» республикалық іс-шарасының мақсаты – жол-көлік апаттарының алдын алу, Жолдажүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау.

Бес күндеЖолда жүру ережелерін бұзудың 2725 дерегін анықталды. Қауіпсіздік белбеуін тақпаудың- 459, көлік жүргізіп келе жатып телефонмен сөйлесудің - 383 және жылдамдықтыасырудың 298 фактісі тіркелді. Бұдан басқа, полицейлер рөлге мас күйде отырған46 жүргізушіні ұстаған. 352 бұзушылық - жүргіншілерге қатысты.

ЖалпыСҚО-да жыл басынан мас күйде көлік тізгіндеген 750 адам жауапкершіліккетартылған. Сондай-ақ 561 тұрғын бұған дейін жүргізуші куәлігінен айырылса да, маскүйде қайта рөлге отырған. Олардың 133-і соттың шешімімен әкімшілік қамауғаалынды.

Соңғы жаңалықтар