Жүргізуші жолдан өтіп бара жатқан қонжықты қағып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Магаданда ерекше де оқыс оқиға орын алды. Пионерская көшесінде жеңіл көлік жүргізушісі тыйым салынған жерден өтіп бара жатқан қонжықты қағып кеткен.

Абырой болғанда, сәл ғана сол жерде отырып қалған кішкентай аю «медициналық жәрдемді күтпей» қашып кеткен.

Оқиға орнына келген жол полиция қызметкерлері жүргізушіден түсініктеме алды.