Жүргізушілерге мемлекеттік шекараны өту уақытын алдын ала брондауға рұқсат беру ұсынылды

None
АСТАНА. 27 наурыз. ҚазАқпарат - Өткізу бекеттерінде шекарадан өту уақытын брондау жүйесін енгізу керек.

Бұл туралы бүгін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі «дөңгелек үстелде» Көлік және коммуникация ғылыми-зерттеу институтының көліктік кешенді проблемалар бөлімінің меңгерушісі Гүлнәр Бекмағамбетова мәлім етті.

«Бізде шекарада кезектер болғандықтан, жүргізушілер дәл шекара түбіндегі кезекте бекерден тұрмайтындай етіп істеу керек»,- дейді маман.

Г. Бекмағамбетованың пайымдауынша, алдын ала брондау жүйесі шекарадағы кезекті болдырмауға жол береді. Осы орайда жүргізушілердің күту мерзімінде қолайлы жағдай жасап, халықаралық келісімдер талабын орындау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.