Жүргізушіні қорқытып, 46 млн. рубльді алып кеткен

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қылмыскерлер дүйсенбі күні Мәскеуде ақша толы сөмкені ұрлап кетті, деп хабарлады РФ ІІМ қалалық бас басқармасы баспасөз қызметінің өкілі.

Оның сөзіне қарағанда, оқиға шамамен сағат 16.30-да болған.

«Екі белгісіз адам жүргізушіні қорқытып, көліктің әйнегін сындырған да ақша толы сөмкені алып кеткен»,-деді ол.

Құқық қорғау органындағы дереккөздің айтуынша, 46 миллион рубль қолды болған, деп хабарлайды РИА "Новости".