Жүргізушісі жоқ автобус: Апаттан зардап шеккендерге 1 млн теңге аударылды

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қоғамдық көлік апатынан зардап шеккен бала отбасына материалдық көмек көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетсек, Алматыда жүргізушісі жоқ автобус анасы мен баласын қағып кеткені туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Бүгінде тасымалдаушы «БаТу travel» компаниясы 1 миллион теңге аударып үлгерді. Қажеттілік туған жағдайда қосымша шығындарды да өтеуге дайын.

«Қазір құқық қорғау органдары болған оқиғаның мән-жайын анықтауда. Автобус жүргізушісі тергеуге алынды. Ал Қалалық мобильділік басқармасы тасымалдаушыға тиісті дәрежеде қызмет көрсетпегені үшін айыппұл салды. Мекеме басшылығы қызметтік тексеру жүргізбек және автобус жүргізушісі қызметінде ескерту алғандардың тізіміне енгізілді.

Соңғы жаңалықтар