Иесіз қозғалған ауыр жүк көлігі Қарағанды көшелеріне біршама материалдық шығын келтірді.
«Коммуналдық меншіктегі қоқыс жәшігі мен ағаштарды, жол белгісін бүлдіргені үшін жүргізуші жауап береді», - деді Қарағанды әкімдігінің абаттындыру бөлімі.
Қарағанды облысының ішкі істер департаменті баспасөз қызметі жетекшісінің міндетін уақытша атқарушы Батырхан Смаиловтың айтуынша, аталмыш жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК 345-бабы бойынша (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) тергеу амалдары басталған.