Жүргізуші куәлігіне емтихан тапсырған шымкенттікке танысы терезеден дұрыс жауапты айтып отырған

Қазақстанда бір айдың ішінде мамандандырылған ХҚО-ларда 66 теориялық емтихан нәтижесінің күші жойылды, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: Pixabay

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ-тың баспасөз қызметінен мәлім еткендей, теориялық емтихан тапсыру үшін ЖЖЕ 3.0 жаңа жүйесі енгелі бері тексеріс ережелері күшейтілді.

Нәтижесінде Шымкентте, Түркістан, Ақтөбе және Алматы облыстарында емтихан тапсыру ережесін бұзған азаматтардың емтихан нәтижесі күшін жойды.

Жаңа жүйенің арқасында мемлекеттік корпорацияның мамандары қызмет алушылардың емтихан барысында жеке компьютерлерге қашықтықтан қосылуға мүмкіндік беретін микроқұлаққаптарды, HDMI сплиттерді қолданғаны туралы деректерді анықтады.

Сонымен қатар қолдануға тыйым салынған құрылғыларды киімнің жеңіне, не электронды құрылғылар орнатылған киіммен кіруге тырысқан.

Мәселен, Шымкент қаласында емтихан тапсырушы үшінші тұлғаның көмегіне жүгінген.

Ол жақын орналасқан терезені қағу арқылы дұрыс жауапты білдіртіп отырған.

Жүйе емтихан тапсырушының қимыл-қозғалысын, терезеге жиі назар аударатынын анықтаса, аудиожазба терезе тұстан келген дыбыстарды тіркеген.

Салдарынан емтихан нәтижесі есептелмей, күшін жойды.

«Жаңа жүйе биыл 16 қазан күні Қазақстан аумағындағы 83 емтихан сыныбына енгізілген. Осы аралықта емтиханды сәтті тапсырғаны туралы нәтижелер саны екі есеге азайған. Бұл – жүргізуші куәлігін жол жүру ережелерін жақсы меңгерген азаматтардың алып жатқандығын дәлелдейтін көрсеткіш», - деп атап өтті мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасының орынбасары Шыңғыс Оразалимов.

Айта кетейік, емтихан нәтижесі жойылған азаматтар емтиханды қайта тапсыруға тек 3 айдан кейін ғана жазыла алады.

Жыл басынан бері елімізде бір миллионнан астам жүргізуші куәлігі берілген.