Жүргізушілерге ескерту: 1 маусымда Алматыда жол жөндеу жұмысы басталады

Фото: Фото: Алматы әкімдігі

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Биыл мегаполисте ұзындығы 300 шақырым болатын 367 көшені орташа жөндеу жоспарланған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20% артық.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, бұл жұмыстарға қалалық бюджеттен 30 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде 22 магистральдық көшені жөндеу тамыз айының соңына дейін, ал аудандық көшелердегі жұмыс осы жылдың 31 қазанына дейін аяқталмақ.

- Учаскелерде мердігер ұйым басшыларының байланыс ақпараты бар арнайы стендтер, қоршаулар және жарық шағылыстыратын элементтер орнатылады, - деп хабарлады әкімдіктен.

Еске салайық, Алматыдағы көшелердің бірі жаз бойына жабылатынын жазғанбыз.

Алматы метросында қауіпсіздік шаралары күшейтілді.