Жүріп келе жатып СМС жазатын адамның бүкір болып қалуы ықтимал

АСТАНА. 23 қаңтар. ҚазАқпарат - Жүріп келе жатып ұялы телефон арқылы СМС жазу адам қозғалысының траекториясына әрі оның кескін-келбетіне әсер етеді.

Шетелдік БАҚ-тардың жазуынша, мұндай қорытындыны американдық ғалымдар жария еткен. Сынаққа қатысушыларды ұзақ уақыт бақылаған ғалымдар олардың жүріп келе жатып, ұялы телефондарынан СМС оқу және оған жауап берулеріне назар аударған.