Қазақстанның журналистика саласының ардагері 80 жасқа қараған шағында Бағдат Ілиясова қайтыс болды.
Бағдат Әубәкірқызы Ілиясова 1943 жылы дүниеге келді. Ақмола қаласының тумасы. Жоғары білімді. С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша, сондай-ақ, М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін де журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған.
Аталған салада 50 жылдан астам қызмет етті. Еңбек жолын «Молодой целинник» атты өлкелік газетте корректор болудан бастады (1962-1965 жж).
Одан кейін әр жылдары «Целиноградская правда» газетінде әдеби қызметкер, редактор, хаттар бөлімінің жетекшісі, шолушы, бас редактордың орынбасары қызметін атқарды. 2005-2016 жылдары «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде еңбек етті.
Бағдат Әубәкірқызы агенттікте жұмыс істеген жылдары өзін жоғары кәсіби маман, адал қызметкер ретінде танытты. Ұжымда өзін жайлы жан ретінде көрсете білді. Әріптесіміз ұжымда өте сыйлы әрі құрметті адам болды.
Б. Ілиясова бірнеше ғылыми мақаланың авторы. Атап айтқанда, «М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті және С. Киров атындағы мемлекеттік университет жинағы». Белсенді жұмысшы және ерен еңбегі үшін алғыс хатпен марапатталған.
ҚазАқпарат ұжымы Бағдат Әубәкірқызының отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.