деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Шара барысында Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы кезеңін, нәтижелері жайында, Ұйымның демократияландыру ісі мен қауіпсіздік саласындағы жетістіктері жөнінде жазылған жарияланымдар мен бейнесюжеттер арасынан үздіктері таңдалып алынады. Еңбектер 2010 жылғы желтоқсан айының 5-іне дейін қабылданады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқау бұқаралық ақпарат құралдарының Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі кезінде Қазақстан мен Еуропа кеңістігіндегі қатынастар жөнінде сапалы және кәсіби деңгейде жергілікті және халықаралық қоғамды шынайы ақпараттандыруға жұмылдыруға септеседі.
Байқауға Сыртқы істер министрлігі, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығы қолдау көрсетіп отыр.