Журналистер арасында өтетін «Nur Suńqar» байқауына өтінім қабылдау басталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Журналистер арасында жыл сайын өтетін «Nur Suńqar» республикалық байқауы басталды, деп хабарлайды «Nur Otan» партиясының баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда «Nur Suńqar» сыйлығы – қазақстандық журналистердің ең үздік шығармаларына берілетін отандық медиа саласындағы беделді марапаттардың бірі. Сыйлық отандық БАҚ пен журналистиканың дамуына серпін беруді көздейді.

Байқауға еліміздің қоғамдық-саяси тақырыптағы, экономикалық, рухани жаңғыру және партияның бағдарламалық құжаттары мен жобаларын іске асыруға арналған, сондай-ақ партия мен оның Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың қызметі жайлы материалдар қабылданады.

Байқау шарты бойынша 2019 жылдың 1 қыркүйегі мен 2020 жылдың
18 маусымы аралығында жарық көрген әртүрлі жанрдағы: очерк, сұхбат, мақала, теле және радиохабар, журналистік зерттеу материалдары қабылданады.

Байқау жұмыстары қазақ және орыс тілінде тапсырылады. Өтініштер 2020 жылдың 19 мамыры мен 18 маусымы аралығында Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 23:00-ге дейін қабылданады.

Жеңімпаздар 9 аталым бойынша анықталады:

· «Телевизия үздігі» – үздік телевизиялық журналист;

· «Ұшқыр қалам» – үздік газет журналисі;

· «Үнжария» – радионың үздік журналисі;

· «QazNet үздігі» – интернет басылымның үздік журналисі»;

· «Партияның «қайта жандануы» бойынша үздік материал»;

· «Елбасы салған сара жол» – Елбасы қызметін үздік жарыққа шығарғаны үшін;

· «Блогосфера үздігі» – әлеуметтік желідегі үздік жарияланым;

· «Алғы шеп» – Төтенше жағдайды жария ету бойынша қажырлы еңбегі үшін;

· «Біз біргеміз» – волонтерлік жұмыс туралы үздің жарияланым;

Жеңімпаздар Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында марапатталады. Байқау жеңімпаздарына ақшалай жүлде мен бағалы сыйлықтар табысталады.

Байқау ережесімен партияның сайтынан танысуға болады. Ал материалдарды ұйымдастыру комитетінің nursunqar2020@nurotan.kz электронды поштасына жолдай аласыз. Қосымша сұрақтар бойынша 8 776 777 09 22 нөміріне Сеит Айшолпанға хабарласуға болады.