«Ашық есік» күнінде Байқоңыр ғарыш айлағының 17 алаңында БАҚ өкілдеріне Байқоңыр ғарыш айлағындағы Ю.А.Гагарин атындағы ғарышкерлерді дайындау орталығының оқу-жаттығу кешенінде экипаждың бір күндік өмірін көрсетті.
Роскосмос ғарышкерлері Максим Сураев, Антон Шкаплеров пен олардың әріптестері - НАСА астронавттары Рид Вайзман мен Терри Вёртс, Еуропалық ғарыш агенттігінің астронавттары Александр Герст пен Саманта Кристофоретти журналистер үшін ТПК «Союз ТМА-13М» бортының құжаттарын зерттеу бойынша ашық жаттығу өткізді.
Баспасөздің қатысуымен ғарышкерлер тағы бір дәстүрлі шара өткізді. Олар ғарышкерлер аллеясына ағаш отырғызды.
Негізгі экипаж командирі Максим Сураев өз ағашын 2009 жылы отырғызған, енді ол әріптестері американдық астронавт Рид Вайзман мен ЕҒА астронавт Александр Герстке Байқоңырдағы атақты ғарышкерлер аллеясында өз көшеттерін отырғызуға көмектесті.
Роскосмос баспасөз қызметінің хабарлауынша, негізгі экипаждың - Максим Сураев (Роскосмос), бортинженерлер - астронавттар Рид Вайзман (НАСА), Александр Герсттің (ЕКА), сондай-ақ олардың дублерлері Антон Шкаплеров (Роскосмос), Саманта Кристофоретти (ЕҒА) және Терри Вёртстің (НАСА) ұшар алдындағы дайындығы кестеге сәйкес жүргізуде.
«Союз ТМА-13 М» кемесінің Байқоңыр ғарыш айлағынан ХҒС ұшырылуы 2014 жылдың 28 мамырына жоспарланған.