«Парламенттік тілшілердің шынайы және мазмұнды материалдары қалың жұртшылықты жоғары заң шығару органының қызметі туралы хабардар болуына тікелей ықпал етті. Өз атымнан және палата сенаторларының атынан БАҚ өкілдеріне ризашылығымды білдіріп, алғыс айтамын Біз дамудың демократиялық негіздерін бетке алып отырған елміз. Соған лайық елімізде қоғамдық пікірді еркін жеткізе алатын, заман талабына сай бұқаралық ақпарат құралдары қалыптасты», - деді Қайрат Мәми.
Оның айтуынша, журналистер қауымы егемен еліміздің жаңа шежіресін жазып қана қойған жоқ, олар бүгінде демократия мен дамудың қозғаушы күшіне айналды.
«Бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен тағы да құттықтай отырып, мемлекетіміздің саяси-экономикалық өмірін шынайы көрсетуге арналған қызметтеріңізге жеміс тілеймін», - деді Сенат төрағасы.