Журналистер ҚКХП-ның Талдықорғандағы филиалының кеңсесіне барды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚКХП-ның Алматы облыстық филиалы сайлауалды науқан аясында өзінің үгіт-насихат жұмыстарын жүргіздіі. Тілшілер филиал кеңсесіне барып, онда үгіттеу қызметінің қыр-сырларымен танысып, «Есіктен есікке» акциясына қатысты.

ҚКХП атынан депутаттыққа үміткер Сәуле Биғарова Алматы облысындағы науқанның барысы туралы егжей-тегжейлі баяндап берді, деп хабарлады партияның баспасөз қызметінен.

«Үгіттеу науқанының 20 күні артта қалды, бүгінде бізге республикалық штабтан жолданған үгіттеудің бүкіл өнімі күнделікті жұмыс барысында пайдаланылып жатыр. Облыстық филиалдан басқа біз партияның аудандық комитеттерін барынша жұмылдырдық.

Бүгінде үгіттеудің негізгі әдісі - пәтерге және үй аулаларына бару, соның барысында біздің үгіттеу бригадаларымыз пошталық жәшіктермен шектеліп қоймай, «Есіктен есікке» акциясын мақсатты түрде жүргізіп, сол арқылы сайлаушылармен сөйлесіп, оларды қызықтыратын сұрақтарға жауап береді. Сондай-ақ арнайы орнатылған қалқандарға плакаттар жабыстыру жұмысы жүргізілуде. Қалада орналасқан жері мен көлемінің арқасында қасынан өткен адамдардың назарын аудартатын партиялық билбордтар орнатылған. Жалпы алғанда, күн ішінде біз 150-ге жуық пәтер мен 10-нан астам ауланы қамтып, үгіттеу материалдарының 100 данасын жабыстырамыз», - деп хабарлады Сәуле Биғарова.