Журналистер мінген автобус жоғары жылдамдықпен Рио орталығындағы бірнеше көлікті соқты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Олимпиадалық баспасөз орталығына бет алған журналистер мінген автобус Рио-де-Жанейро орталығында апатқа ұшырады, деп хабарлады ТАСС.

Жоғары жылдамдықпен келе жатқан көлік бірнеше автокөлікке соқтығысып, қоршауға кіріп кеткен. Сөйте тұра, автобус жүргізушісі абыржымады, жылдамдығын да азайтпастан қозғалысты жалғастырды.

Жолаушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Автобустың сыртына бірнеше терең сызаттар түсті.