Журналистерді даярлау жүйесін өзгертеміз - министр Абаев
«Мен бұл мәселені өзім де байқап жүрмін. Журналистика саласында білім беру сапасына қатысты көптеген сұрақтар туындап жатыр. Негізі, бәрі орынды. Университеттерде сабақ беріп жүрген журналистика кафедраларымен бірге осы саладағы басшыларды біріктіріп, бұл жұмысты нақты бір жүйеге келтіруіміз керек. Біз оны қолға аламыз. Оған уәде етемін. Жылдың соңына дейін осы мәселеге қатысты нақты бір xабар береміз деп ойлаймын», - деді Д.Абаев xалыққа есеп беру кездесуінде.
Министрдің айтуынша, ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып, әдістемені өзгерту жайы да қаралады.
Осы орайда министр ағылшын оқулықтарын қазақ тіліне аудару шараларын да еске алды.
Айта кетейік, кездесу кезінде Дәурен Абаев журналистерді баспанамен қамтудың машақаты туралы айтып берді.
Сондай-ақ оның айтуынша, қазіргі кезде БАҚ-тың жаңа рейтингісін әзірлеу жұмыстары атқарылып жатыр.