Сондықтан, журналистердің басым көпшілігі билік орындарына адал қызмет етеді. Бұл туралы бүгін Астанада «Қазақстандық заңнаманы сөз бостандығының халықаралық стандарттарына жақындастыру перспективалары» атты конференция барысында журналистерге берген сұхбатында ҚР Президентінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев мәлім етті.
Президент кеңесшісінің пікірінше, билік ешқашан редакцияның саясатына тікелей араласқан емес, араласа да алмайды.
«Өйткені, бұған қатысты ешқандай нормативтік-құқықтық тетік жоқ. Сонымен қатар, Қазақстандағы баспасөздің 95 пайызы билікпен дос болмаса да, ынтымақтастықпен жұмыс істеп, оған адал болуды қалайды», - деді Е.Ертісбаев.
Оның айтуынша, қазақстандық журналистер белгілі бір басылымның редакциялық саясатына бағынады және сөз бостандығына соншалықты талпыныс жасамайды.