Журналистика ардагері Рысты Бекбергенованың қос кітабы жарыққа шықты

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат- Қызылордада еңбек ардагері, Қазақстанның құрметті журналисі Рысты Бекбергенованың қос кітабы жарыққа шықты, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Сыр бойы» газетінде ұзақ жылдар еңбек еткен ардагердің «Өмір-өлең көңілді көркейтетін», «Өмірдің ақ-қарасы» деп аталатын кітаптарын басып шығаруға «Сыр медиа» ЖШС демеушілік еткен. Басылымдарды мекеменің бас директоры Аманжол Оңғарбаев табыс етті.

«Өмір-өлең көңілді көркейтетін» туындысы аты айтып тұрғандай, поэзиялық жинақ болса, екінші кітапта журналистің бұрынғы мен бүгінгі, қоғамдағы қайшылықтар туралы ой толғамдары, әңгімелері топтастырылған.

Еңбек ардагері өзіне көрсетілген құрметке ризашылығын білдірді,