Жүрсін Ерман: Шын мәнінде ұлттық бірлік - басты байлық
«Үлкен халықаралық айтыс, міне Арқаның кербез сұлу Көкшетауында өтіп отыр. Шын мәнінде ұлттық бірлік - басты байлық. Бүгінгі шара этностар басын біріктірген Ассамблеяның құрметіне өткізіліп отыр», - деп атап өтті ақын Жүрсін Ерман. «Бүгін, еліміздің түкпір-түкпірінен ақындар келіп отыр. Қалың ел болған соң дарындар тумай қоймайды. Бұл да қуанышқа қуаныш қосты», деді ол бір сөзінде. Сондай-ақ, ол қазіргідей экономикалық сын-тегеуріндерге қарамастан мәдени құндылықты кейінге қалдырмай көңіл бөлудің маңыздылығына тоқталды. «Қазіргідей қаржылық дағдарыс басталған кезде айтыстың өткізілуі - үлкен іс. Айтысқа қолдау білдіріп жатқан «Нұр Отан» партиясына рахмет айтуымыз керек. Елдің рухани азығын арттыру үшін жасап жатыр», - деп сөзін қорытты ол.