ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, марапат ұлттық әдебиет пен айтыс өнерін дамытуға сіңірген ерен еңбегі үшін табысталды.
— Құрметті атақ ақынның 75 жасқа толған мерейтойында салтанатты түрде тапсырылды. Бұған дейін Жүрсін Ерман «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болып, Қазақстан Жазушылар одағының Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлығымен екі мәрте марапатталған, — делінген хабарламада.
Бұған дейін Жүрсін Ерман «Ұлытау облысының құрметті азаматы» атанғанын жазғанбыз.