Жүрсін Ерманның 75 жылдық мерейтойына ора ұлытаулықтар ақынға көлік тарту етті

ЖЕЗҚАЗҒАН. KAZINFORM - Ұлытау облысында XXXIV республикалық «Ұлытау үні» фестивалі аясында Қазақстанның халық жазушысы, «Құрмет», «Парасат», «Отан» ордендерінің иегері Жүрсін Ерманның 75 жылдық мерейтойына арналған республикалық ақындар айтысы өтіп жатыр.

Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Мерейтой иесіне құрмет көрсетіп, жерлестері мен облыс әкімі Есет Байкеннің атынан су жаңа автокөлік тарту етілді. Бұл – қазақтың айтыс өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті ақынға деген зор құрметтің белгісі.

Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Айта кетейік, республикалық ақындар айтысына еліміздің әр өңірінен келген 14 белгілі суырыпсалма ақын қатысуда. Өнер иелері ұлттық сөз құндылығымыздың озық үлгісір көрсетіп, жыр додасында өзара бақ сынауда.

Фото: Ұлытау облысының әкімдігі
Фото: Ұлытау облысының әкімдігі
Фото: Ұлытау облысының әкімдігі