Жүйе құраушы банктер шетелдік инвесторлардың бақылауына көшпейді

Ы. Қарашаның 13-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Банк жүйесі тұрақталды.  Негізгі капитал 1,5 пайызға өсіп,  несиелеу 60 пайызға ұлғайды.

 Елбасы  республикалық радио және телеарналардың тікелей желісінде қазақстандықтардың сауалдарына жауап беру кезінде осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Сұхбат кезінде алматылық кәсіпкер Әділ Әміров кредиторларға қарызы бар  банктерді   шетелдік инвесторлардың   өз бақылауына алу қаупі туралы сауал жолдаған еді.  Елбасы қазір банк секторындағы  ауыр кезеңді бастан өткергенімізді, қазір ахуал қайта  жақсара бастағанын айтты. Сондай-ақ жүйе құраушы банктердің шетелдіктер бақылауына көшуіне жол берілмейтінін жеткізді.  Нұрсұлтан Әбішұлының айтуынша, бұл елдің  ұлттық қауіпсіздігі  үшін жасалып отыр.