Жүз метрге жүгіруден Қытайдың чемпионы допингтен ұсталды
18:53, 26 Қазан 2009
АСТАНА. Қазанның 26-сы. ҚазАқпарат - Жүз метрлік қашықтыққа жүгіруден Қытайдың чемпионы допингтен ұсталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Associated Press сайтына сілтеме жасап.
Спортшыдан алынған допинг-сынама тестостерон деңгейінің жоғары екенін көрсетті. Ван Цзин қазанның 22-сінде Ұлттық ойындарда Қытайдың чемпионы атанған еді, бірақ оң допинг-тест оны осы атақтан айырды.
Ван Цзинді қандай жаза күтіп тұрғаны әзірге белгісіз.